Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасының қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Гандболдан қыздар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, құрлықтық дода 15-25 қыркүйек аралығында Иордания астанасы Амман қаласында өткізіледі.

Жарысқа қатысатын 12 құрама екі топқа бөлінген. Қазақстан қыздары А тобында Оңтүстік Корея, Гонконг, Сингапур, Қатар, Өзбекстан құрамаларымен сынға түседі.

Алдымен қазақстандық гандболшылар 15 қыркүйекте Қатармен күш сынасады. Одан кейін 16 қыркүйекте Гонконг, 14 қыркүйекте Өзбекстан, 19 қыркүйекте Сингапурмен шеберлік байқасады. Ал 21 қыркүйекте Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Ал В тобында Иордания, Жапония, Иран, Үндістан, Кувейт, Ауғанстан бар.

Азия чемпионатында 23 қыркүйекте жартылай финал өткізілсе, финал 25 қыркүйекке белгіленген.

Айта кетсек, құрлықтық дода 1987 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұған дейін Оңтүстік Корея 14 мәрте чемпион атанды. Ал Қазақстан құрамасы 2002 және 2010 жылдары екі мәрте жеңімпаз тұғырынан көрінді. Ал Жапония бір мәрте алтыннан алқа тақты.



Соңғы жаңалықтар