Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы тағы да жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жапонияның Кумамото қаласында гандболдан әйелдер арасында Азия Чемпионатының топтық раунды жалғасуда.  Айта кетерлігі, қазақстандық гандболшылар чемпионаттың алғашқы - Австралиямен өткен кездесуінде 32:24 есебімен қарсыластан басым түскен болатын. Азия чемпионатында біздің команда Жапония, Австралия, Иран және Жаңа Зеландиямен бірге «А» тобына түскен.

Екінші кездесуде де ұлттық құрамамыздың айы оңынан туды. Біздің құрама Австралиядан кейін Иранмен шеберлік байқасты. Бұл ойында қазақстандық гандболшылар өздерін жақсы қырынан таныта білді. Қазақстандық гандболшылар қарсыластарын 41:26 есебімен тізе бүктірсе, осы топта ойын көрсетіп жатқан А тобында Жапония Аустралияны 37:18 есебімен жеңген еді.

Осылайша, екі қарсыласынан басым түскен командамыз бүгін Жаңа Зеландияның қыздарымен кездесіп, айқын есеппен ұтты. Есеп - 51:14. Жеңіс - қазақстандықтарда.

Жапондықтарға қарсы кездесу 5 желтоқсанда өтеді.

Соңғы жаңалықтар