+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қола жүлдеге таласады

2021 жылғы 24 қыркүйек 00:18
Бөлісіңіз:
Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қола жүлдеге таласады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшылар жартылай финалда Жапониядан 24:38 есебімен жол берді. Нәтижесінде финалға қарсылас құрама жолдама алды.

Олар финалда 25 қыркүйекте Оңтүстік Кореямен сынға түседі.

Корей спортшылары бүгін жартылай финалда ирандық гандболшылардан 46:21 есебімен басым түсті.

Ал Қазақстан құрамасы 3-орын үшін Иранмен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, қазақстандық қыздар А тобында сынға түсті.

Алдымен Сингапурден 33:18, Гонконгті 31:29, Өзбекстанды 31:28 есебімен жеңсе, Оңтүстік Кореяға 20:40 есебімен жол берді.

Осылайша өзінің тобында екінші орын алды.

Айта кетсек, құрлықтық дода 1987 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бұған дейін Оңтүстік Корея 14 мәрте чемпион атанды.

Ал Қазақстан құрамасы 2002 және 2010 жылдары екі мәрте жеңімпаз тұғырынан көрінді.

Ал Жапония бір мәрте алтыннан алқа тақты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT