Гандболдан әлем чемпионатына қатысатын 30 команда анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Гандболдан 2021 жылғы әлем чемпионатына қатысатын 32 команданың 30-ы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Olympic.kz-тен мәлім еткендей, әлем біріншілігі 13-31 қаңтар аралығында Мысырда өтеді.

Жуырда Халықаралық гандбол федерациясы (IHF) wild card бойынша аталмыш чемпионатқа екі жолдама таратты. Оны Польша мен Ресей иеленді.

Жалпы, жарысқа 32 құрама қатысады. Бүгінгі күні оның 30-ы белгілі болды. Қалған екі команда Солтүстік Америкадағы іріктеу турнирі мен гандболдан Кариб конфедерациясында, сондай-ақ Оңтүстік және Орталық Америка гандбол конфедерациясында анықталады.

Өкінішке қарай, Қазақстан әлемдік біріншіліктің жолдамасынан тыс қалды.

Чемпионатқа қатысатын елдер тізімі:

Жарыс иесі: Мысыр;

Қазіргі әлем чемпионы: Дания;

Африка: Алжир, Ангола, Кабо-Верде, ​​Конго ДР, Марокко, Тунис;

Азия: Бахрейн, Жапония, Катар, Корея Республикасы;

Еуропа: Аустрия, Беларусь, Хорватия, Чехия, Франция, Германия, Мажарстан, Исландия, Норвегия, Португалия, Испания, Словения, Швеция;

Оңтүстік және Орталық Америка: Аргентина, Бразилия, Уругвай;

Wild card: Польша, Ресей.

Соңғы жаңалықтар