USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан жарыстың келесі сатысына шықты

2021 жылғы 8 желтоқсан 00:36
Бөлісіңіз:
Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан жарыстың келесі сатысына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін гандболдан әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы үшінші ойынын Иранға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 45 мың баланы спорт секцияларына тегін жіберу үшін 1,7 млрд теңге бөлінді Шаңғымен тұғырдан секіруден Бейжің олимпиадасына кімдер қатысады Бүгін футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты жалауын көтереді

Қазақстан қыздары С тобында сынға түсті. Қарсыластары - Норвегия, Румыния және Иран құрамалары.

Бүгінгі кездесуде қазақстандық гандболшылар сәтті ойын көрсетті. Нәтижесінде бірінші кезеңде қарсыласынан 14:10 есебімен басым түсті.

Екінші кезеңді де дәл осындай қарқында өткізді. Қазақстандық ойыншылар өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Бұл кезеңде олар қарсыластар қақпасына 17 гол соқса, өз қақпасына 15 гол жіберіп алды.

Кездесуде Қазақстан қыздары қарсыласын 31:25 есебімен тізе бүктірді. Осылайша жарыстың негізгі сатысына шықты.

Айта кетсек, екі құрама арасындағы бүгінгі кездесуде үшінші орын тағдыры шешіледі. Әрбір топтан үздік үштікке іліккен құрамалар жарысты жалғастыруға мүмкіндік алатын. Алғашқы екі кездесуде жеңіске жеткен Норвегия мен Румынияға ондай мүмкіндікке ертерек ие болған еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын ұлттық құрама Норвегия мен Румынияға есе жіберді.

Әлем чемпионаты 1-19 желтоқсан аралығында Испанияның Лирия, Кастельон, Гранольерс, Торревьеха қалаларында өткізіледі. Дүбірлі додада барлығы 32 құрама бақ сынайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT