Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан Швецияға есе жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін гандболдан әлем чемпионаты негізгі сатысында Қазақстан қыздар құрамасы Швециямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді аталған топтағы үштікке іліккен құрамалар D тобындағы Нидерланды, Швеция және Пуэрто-Рикомен екінші топқа біріктірілді. Жарыс ережесі бойынша енді әрбірі бұрын кездеспеген қарсыласымен күш сынасады.

Бүгінгі кездесуді қазақстандық гандболшылар сәтті бастаған еді. Алғашқы минуттарда қарсылас қақпасына жиі гол соқты. Нәтижесінде 3:1 есебімен алда тұрды. Одан кейін швециялық спортшылар басымдық танытты.

Кездесуде қазақстандық гандболшылар қарсыласына 20:55 есебімен есе жіберді.

Қазақстандық гандболшылар енді 11 желтоқсанда Нидерландымен кездессе, 13 желтоқсанда Пуэрто-Рикомен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, ұлттық құрама іріктеу сатысында С тобында сынға түсті. Қарсыластары - Норвегия, Румыния және Иран құрамалары. Норвегия мен Румынияға есе жіберіп, Иран құрамасын тізе бүктірді. Осылайша өз тобында үшінші орынмен жарыстың негізгі сатысына жолдама алды.


Соңғы жаңалықтар