USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан қыздары Румынияға есе жіберді

2021 жылғы 6 желтоқсан 00:26
Бөлісіңіз:
Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан қыздары Румынияға есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін гандболдан әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы екінші ойынын Румынияға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Абзал Әжғалиев пен Екатерина Айдова Бейжіңде ҚР Туын ұстап шығады Маңғыстау облысының әкімі Бибісара Асаубаеваны Әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады Алматыда 45 мың баланы спорт секцияларына тегін жіберу үшін 1,7 млрд теңге бөлінді

Қазақстан қыздары С тобында сынға түседі. Қарсыластары – Норвегия, Румыния және Иран құрамалары.

Румыния әлемде үздік көрсеткішімен бағаланады. Әлем чемпионатында 1962 жылы алтын алса, одан кейін екі мәрте күміс, бір рет қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, 2010 жылы Еуропа чемпионатында қола жүлдеге қол созды.

Бүгінгі кездесуде румыниялық гандболшылар ширақ қимылдай білді. Нәтижесінде бірінші кезең олардың басымдығымен 14:9 есебімен аяқталды.

Екінші кезеңде румындар басымдығын арттыра түсті. Олардың тарапынан көбірек шабуыл ұйымдастырылды.

Кездесуде Қазақстан қыздары қарсыласынан 17:38 есебімен жеңіліп қалды.

Енді Қазақстан қыздары 7 желтоқсанда Иран құрамасымен кездессе, Румыния Норвегиямен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын ұлттық құрама Норвегияға жол берді.

Әлем чемпионаты 1-19 желтоқсан аралығында Испанияның Лирия, Кастельон, Гранольерс, Торревьеха қалаларында өткізіледі. Дүбірлі додада барлығы 32 құрама бақ сынайды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT