Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан қыздары Норвегияға жол берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін гандболдан әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы алғашқы ойынын Норвегияға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан қыздары С тобында сынға түседі. Қарсыластары – Норвегия, Румыния және Иран құрамалары.

Бүгінгі кездесуде алғашқы минуттарда қазақстандық спортшылар қарсыласына төтеп бере білді. Десе де одан кейін норвегиялық гандболшы қыздардың басымдығы байқалып тұрды. Бірінші кеезңде қазақстандық қыздар қарсыласына 10:24 есебімен жол берді.

Екінші кезеңде де норвегиялық құрама қарқынды ойнады. Нәтижесінде қазақстандықтар 18:4 есебімен жеңіліп қалды.

Енді Қазақстан қыздары 5 желтоқсанда Румыниямен кездессе, 7 желтоқсанда Иранмен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, бүгін аталған топта Румыния гандболшылары Иранды 39:11 есебімен тізе бүктірді.

Норвегия - әлемдегі үздік құраманың бірі. Олимпиада ойындарында және әлем чемпионатында бірнеше мәрте алтын, күміс және қола медальға қол жеткізген. Сондай-ақ, Еуропа чемпионатында бірнеше мәрте үздік үштіктен көрінді.

Әлем чемпионаты 1-19 желтоқсан аралығында Испанияның Лирия, Кастельон, Гранольерс, Торревьеха қалаларында өткізіледі. Дүбірлі додада барлығы 32 құрама бақ сынайды.


Соңғы жаңалықтар