USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан қыздары бүгін Норвегиямен кездеседі

2021 жылғы 3 желтоқсан 14:31
Бөлісіңіз:
Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан қыздары бүгін Норвегиямен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін гандболдан әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы алғашқы ойынын Норвегияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет және спорт министрлігі Бақыт Сәрсекбаевтың пікіріне жауап берді Елордада өтетін Азия чемпионаты кейінге шегерілді Теннис: Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Әлем чемпионаты 1-19 желтоқсан аралығында Испанияның Лирия, Кастельон, Гранольерс, Торревьеха қалаларында өткізіледі. Дүбірлі додада барлығы 32 құрама бақ сынайды.

Қазақстан қыздары С тобында сынға түседі. Қарсыластары – Норвегия, Румыния және Иран құрамалары.

Ұлттық құрама бүгін Норвегиямен шеберлік байқасады. Ойын елорда уақытымен 01:20-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан құрамасы бұған дейін әлем чемпионаты финалдық сатысында 5 мәрте бақ сынады. 2007 жылы 18, 2011 жылы 19, 2009, 2015, 2019 жылдарда 22 орынды қанағат тұтты. Ал Олимпиада ойындарында 2008 жылы 10 орын алды.

Норвегия - әлемдегі үздік құраманың бірі. Олимпиада ойындарында 2 мәрте чемпион атанса, 2 рет күміс, 2 рет қола жүлдегер болды. Ал әлем чемпионатында 3 алтын, 4 күміс, 3 қола медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, Еуропа чемпионатында бірнеше мәрте үздік үштіктен көрінді.

Әлем чемпионатында өзге құрамалар төмендегіше топтарға бөлінген:

А тобы: Франция, Черногория, Ангола, Словения

В тобы: Ресей, Сербия, Камерун, Польша

D тобы: Нидерланды, Швеция, Пуэрто-Рико

Е тобы: Германия, Венгрия, Словакия, Чехия

F тобы: Дания, Оңтүстік Корея, Конго Республикасы, Тунис

G тобы: Жапония, Бразилия, Хорватия, Парагвай

H тобы: Испания, Австрия, Қытай, Аргентина

Финал 19 желтоқсанда болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT