Гандбол: Қазақстан қыздар құрамасы Венгрияда Олимпиадаға іріктеу турнирінде бақ сынайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Венгрияда Олимпиадаға іріктеу турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық олимпиада комитеті мәлім еткендей, аталмыш жарыстар 20-22 наурызда Черногория, Испания және Венгрияда өтеді.

Қазақстан құрамасы Подгорицедегі үшінші топта Норвегия, Черногория және Румыниямен күш сынасуы тиіс болатын. Алайда Қытай гандбол федерациясы коронавирустың өршуіне байланысты турнирге қатысудан бас тартты.

Осылайша Халықаралық гандбол федерациясының регламентіне сәйкес Қазақстан құрамасы Азия бойынша рейтингте ең жоғары орында тұрғандықтан, Венгрияның Дьер қаласында 20-22 наурызда өтетін іріктеу сайысында қытайлық команданың орнына сынға түседі.

Айта кетейік, үш топтан үздік екі команда Токио Олимпиадасына жолдама алады.


Соңғы жаңалықтар