Гандбол: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы алғашқы кездесуде жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Кумамото қаласында гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты мәлім еткендей, Қазақстан құрамасы топтағы алғашқы кездесуде жеңіске жетті.

Қазақстандық гандболшылар Австралиямен өткен кездесуде 32:24 есебімен қарсыластан басым түсті.

Азия чемпионатында біздің команда Жапония, Австралия, Иран және Жаңа Зеландиямен бірге «А» тобына түскен. Топтық кезеңдегі екінші матчты біздің құрама ертең Иранға қарсы өткізеді.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрама командасы гандболдан екі мәрте Азия чемпионы атанған.

Соңғы жаңалықтар