Гандбол: Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиада жолдамасын ала алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайда гандболдан әйелдер арасындағы лицензиялық Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Токио олимпиадасының жолдамасынан тыс қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, аталған Азия чемпионатында 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жалғыз жолдама сарапқа салынған. Алайда, Қазақстан құрамасы жарысты төртінші орынмен аяқтап, жолдамаға қол жеткізе алмады.

Ал Токио Олимпиадасына берілетін жалғыз жолдаманы финалда шаршы алаң қожайындарынан басым түсіп, бас жүлдеге қол жеткізген Оңтүстік Корея құрамасы иеленді. Қола медалді Солтүстік Корея командасының қанжығасына бұйырды.

Соңғы жаңалықтар