Ганада екі автобус соқтығысып, кем дегенде 50 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гана мемлекетінің Китампо қаласында екі жолаушылар автобусы соқтығысып, салдарынан кем дегенде 50 адам қаза тапты. Бұл туралы «Би-Би-Си» хабарлады.

Құтқарушылар соқтығысқан көліктерден адамдарды алып шығуды жалғастыруда. Автобустардың әрқайсысында 50-ге жуық жолаушы болған. Жол апаты кезінде олардың бірі өртке оранған.

«Екі көлікте болған жолаушылардың басым дені оқиға кезінде қаза болды. Кейбірі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - деп жазды агенттік полиция өкіліне сілтеме жасап.

Соңғы жаңалықтар