Гамбия Қазақстанға тікелей әуе рейстерін ашуға ниетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гамбия Қазақстанға тікелей әуе рейстерін ашқысы келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін ЭКСПО-2017 аясындағы Гамбия Республикасының ұлттық күніне арналған баспасөз мәслихатында Гамбия Туризм министрлігі маркетинг департаментінің директоры Адам Нджи мәлім етті.

«Біз қазақстандық туристердің Гамбияға қолжетімдігі үшін бар жағдайды жасағымыз келеді, қазіргі әуе бағыттарын ыңғайлы деп айта алмаймыз. Маркетингтік зерттеулер жүргізіп, біздің бірегей елімізге тиімді тур ұсынатын туристік агенттікті бекітуді жоспарлап отырмыз. Мұның барлығы жақын арада іске асырылады», - деді Адам Нджи.

Гамбия Африка құрлығындағы ең кішкентай мемлекеттердің бірі. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде Сенегалмен шектеседі және батысында Атлант мұхитының жағалауы бар. Туристік сектор - Гамбияның ең үлкен табыс көзі және экономикасының қозғаушы күші.

Соңғы жаңалықтар