USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Гамаль Тоқсанбаев: Сақтық шаралары ұмытыла бастап еді, коронавирус өршіп кетті

2022 жылғы 14 қаңтар 09:53
Бөлісіңіз:
Гамаль Тоқсанбаев: Сақтық шаралары ұмытыла бастап еді, коронавирус өршіп кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа енді. Өңірде жүкті әйелдер мен жасөспірімдерді вакциналау, сондай-ақ халықты ревакциналау бойынша жұмыстары белсенді жүріп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар
«COVID-19-ды лидокаин және физиологиялық ерітіндімен емдеуге болады» - фейк Коронавирус: ШҚО-дағы стационарларда 200-ден астам адам емделіп жатыр Алматыда бауырының 75% зақымданған әйелге сәтті ота жасалды

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсанбаев «омикрон» штамының ерекшелігі, вакцинацияның тиімділігі және жалпы эпидемиологиялық ахуал туралы айтып берді.

Гамаль Сайлауұлы, бүгінгі таңда Қарағанды облысында эпидемиологиялық жағдай қандай ?

- Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 110 211 адам коронавирус жұқтырып, өткен тәулікте вирус жұқтырғандар саны 51 адамды құрады. 103 353 (93,7%) адам бұл дерттен сауығып кетті. Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес біздің облыс «сары» аймақта тұр. Сонымен бірге аурудың тарау қарқыны үдеп келе жатқаны байқалады, бұл азаматтардың емханалар мен инфекциялық стационарларға көптеп келуінен де байқалып отыр.

Омикронның жаңа штамы несімен қауіпті, оны емдеу хаттамасы бар ма?

- Қазақстанда Сovid-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай «омикрон» коронавирус штамының таралуына және азаматтардың алдын алу шараларын жеткіліксіз сақтауына байланысты күрделеніп барады.

«Омикрон» штамы респираторлық аурулардың барлық түрлері секілді, әсіресе коронавирус сияқты таралады.

«Омикрон» аурудың пайда болуын азайту кезінде вирустың таралуының шамамен үш есе (және кейбір дереккөздерде бес есе) өсуімен сипатталады. Ол қысқа инкубациялық кезеңмен ерекшеленеді (екі күн). «Омикрон» инфекциясына шалдыққан кезде осал топтар арасында ауыр жағдайлар жиі кездеседі. Бұл егде жастағы пациенттер және созылмалы инфекциялық емес аурулары бар адамдар. Бүгінгі таңда «омикрон» жұқтырған адамдар тек ауырып қана қоймайды. ДДСҰ мәліметтері бойынша, барлық науқастардың 20%-дан астамында ұзақ мерзімді оңалтуды қажет ететін постковидтік жағдай қалыптасады.

Науқастарда иммундық қорғаныс та әлсіз болады. Алайда, біз бәріміз вирусты қайта жұқтырудан аулақ болғанды қалаймыз. «Омикронның» асқыну қаупін азайтудың жалғыз жолы – вакцинация және ревакцинация. Бустерлік вакцинамен вакцинациялау, үшінші компонентпен ревакцинация жүргізу және бұрын болған барлық шектеулерді сақтау.

Қазіргі уақытта қолданылатын вакциналар аурудың ауыр салдарынан және одан болатын өлімнен тиімді қорғайды.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын емдеу, оның ішінде «омикрон» штамы 2021 жылғы 19 қарашадағы №151 емдеу хаттамасы бойынша жүргізілуде.

ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес коронавирус инфекциясын диагностикалау хаттамасы жетілдірілуде.

Біздің облыста вирустың таралуын болдырмау үшін қандай шаралар қабылдануда?

Коронавирусты таратпау жөніндегі негізгі шаралар Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қабылдаған қаулылармен, сондай-ақ Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен регламенттеледі.

Елде эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Ал өңірде дәрі-дәрмек және төсек-орынмен жабдықтау жағдайы қалай?

Бүгінгі күні инфекциялық госпитальдардың төсек-орын сыйымдылығы 3 013 төсек (оның ішінде 266 реанимациялық), науқастар емделіп жатқан төсек орындар 11,2% құрайды, резервте 2 666 төсек бар.

364 жасанды тыныс алу аппараты, 2 800 оттегі концентраторы бар, 26 госпитальда медициналық газдарды берудің орталықтандырылған жүйесі орнатылған (барлығы 1160 нүкте). Облыста төсектерді кезең-кезеңмен ашу алгоритмі әзірленді, осы алгоритм бойынша біз үшінші жыл қатарынан жұмыс істеп келеміз және ол өз тиімділігімізді көрсетті.

Коронавирус инфекциясын емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектер желісі бар, тәулік бойғы стационарларда 3 айлық дәрі-дәрмек қоры және емханаларда 3 айлық қор бар.

Вакцинация мен ревакцинациядан кейін біздің облыста ауру жұқтыру көрсеткіші өзгерді ма ?

Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді шараларының бірі. Күн сайын ғылыми басылымдардың жарияланымдары көбейіп келеді, онда вакцинация нәтижелері, ұжымдық иммунитет бар жерде халықтың иммундық қорғанысы бар және коронавиус аурулары аз анықталатыны көрсетілген. Кросс-ревакцинация да өз жемісін береді, атап айтқанда қауіп тобына кіретін ересек тұрғындар үшін. Қазір тәулік бойы жұмыс істейтін инфекциялық стационарларда белгілі бір себеппен вакцина алмаған қауіп тобындағы пациенттер бар, олар қатты қиналады. Сирек, бірақ вакцинациядан кейін аурудың әдеттегі ЖРВИ түрінде болатындығын дәлелдейтін жағдайлар бар.

Бүгінгі күні бірінші компонентті 602 801 адам салдырды (897 340 жоспардан 67,2%), екінші компонентті 558 450 адам (62,2%) салдырған. Вакцинаның 4 түрі бар.

Балаларды вакцинациялаудан қандай да бір нәтиже бар ма ?

- Pfizer препаратымен барлығы 15 537 адам вакцинацияланды (оның ішінде жасөспірімдер – 12 502, жүкті әйелдер – 544, бала емізетін әйелдер – 2491), бұл 12,5% құрайды (жоспар 124 020)

Коронавирус тара,алы балалар мен жасөспірімдер вирустың асимптоматикалық тасымалдаушылары екендігі дәлелденді. Олар вирусты өз кезегінде туыстары мен жақындарына, әсіресе қауіпті топтағы жақындарына жұқтыруы мүмкін. Біз осындай көптеген жағдайлардың мысалдарын көрдік. Вакцинациядан кейін иммунитеті бар жасөспірімдер қазірдің өзінде қорғалған және аз дәрежеде аурудың қоздырғышы бола алады.

Вакциналар көпшілікке жеткілікті болуы үшін облыс тұрғындарына 43 ультра төмен температуралы мұздатқыш (-86с) және Pfizer-BioNTech вакцинасын тасымалдауға арналған 54 портативті мұздатқыш жеткізілді.

Pfizer-BioNTech вакцинасы облыс бойынша таратылды: Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Приозерск, Абай, Саран, Шахтинск, Қаражал, сонымен қатар орталық аудандық ауруханаларға (Бұқар Жырау, Қарқаралы, Шет, Жаңаарқа, Нұра, Ұлытау, Осакаров, Абай, Ақтоғай) жеткізілді.

Облыстың 27 өңірінде вакцинация пункттері ұйымдастырылды.

Жасөспірімдерде вакцинаның жанама әсерлері болуы мүмкін бе және балаларға вакцина салмаған жағдайда оның медициналық көсетілімі бола ма ?

- Жанама әсерлер бәрінде болуы мүмкін, бірақ біз оны негізінен вакцинаның дозасын енгізуге ағзаның күтілетін реакцияларына жатқызамыз, бұл тұмауға ұқсас синдром. Жасөспірімдерді, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерді вакциналау кезінде екі ай аралығында біз жанама әсерлерді көрмедік, тек реакция.

Медициналық кері көрсетілімдер ҚР ДСМ бұйрығымен регламенттелген: бұл жіті аурулар кезіндегі уақытша тыйым, анамнезінде анафилактикалық шок болған кездегі тұрақты тыйым.

Жасөспірімдер үшін вакцинация қанша уақыт әсерін береді, ревакцинация қажет пе?

- Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация маусымдық, жылдық болады, иммунитет бір жылға дейін сақталуы мүмкін. Кейіннен уәкілетті орган оларды қайта вакцинациялау қажеттілігі туралы мәселені қарайтын болады.

Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет!


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT