Ғалымжан Пірматов өз еркімен «Қазатомөнеркәсіптің» Басқарма төрағасы қызметінен кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Ғалымжан Пірматов компанияның Басқарма төрағасы қызметінен 2 қыркүйектен бастап өз еркімен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның сайтына сілтеме жасап.

Басқарма төрағасының міндетін ЯОЦ жөніндегі бас директоры Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов атқарады.

«Самұрық-Қазына» АҚ атынан Ғ.Пірматов мырзаға өз ісіне берілгендігі және жұмыс кезеңде компанияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Бізге оның уран саласындағы баға жетпес тәжірибесі мен айрықша нәтижелерге қол жеткізу бейілділігі жетпейтіні сөзсіз. «Самұрық-Қазына» АҚ атынан және жеке өз атымнан Ғалымжан Олжайұлына бар жақсылық пен болашақта табыс тілеймін»,- деп атап өтті «Самұрық - Қазына» АҚ-ның Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев.

«Мен ел басшылығына сенім білдіргені және компанияны тиімді басқару үшін ұсынылған мүмкіндік үшін зор алғысымды білдіремін. Компания мен бүкіл әлемдік уран саласы үшін осындай күрделі уақытта Қазатомөнеркәсіпті басқару мен үшін үлкен абырой болды», - деп атап өтті Ғ.Пірматов.

Ғалымжан Олжайұлы 2015 жылдан бастап Қазатомөнеркәсіпте түрлі лауазымдарды атқарған. Қазіргі уақытта ЯОЦ бойынша Бас директоры Мәжит Шәріпов мемлекеттік қызметте және жеке секторда түрлі лауазымдарда, оның ішінде ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаментінің директоры, ҚР Атом энергиясы агенттігінің атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры және Атом энергиясы комитетінің төрағасы лауазымдарында 31 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.


Соңғы жаңалықтар