Ғалымжан Пірматов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы лауазымына тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғалымжан Пірматовты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.ҚазАқпарат оқырман назарына құжаттың толық мәтінін ұсынады.***

Ғ.О. Пірматовты тағайындау туралы

2022 жылғы 03 ақпан

Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 3 ақпан

***

Ғалымжан Олжаұлы Пірматов 1972 жылы 24 сәуірде дүниеге келді. Новосібір мемлекеттік университетін, Қазақстанның экономика және болжау менеджменті институтын, Atkinson Graduate School of Management, Willamette University бітірген. Әр жылдары «Алтын-Тас» БК қаржы директоры, AIG Silk Road Capital Management компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры, «Халық банк» АҚ инвестициялық банкинг департаментінің директоры, ҚР экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, «Cameco Kazakhstan» компаниясының президенті, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2017-2021 жылдары «Қазақ атом өнеркәсібі ҰАК» АҚ басқарма төрағасы болды.

Фото:АО «НАК «Казатомпром«
Соңғы жаңалықтар