Ғалымжан Пірматов 2023 жылғы инфляция қарқынына түсінік берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2023 жылы инфляция біртіндеп баяулайды. Бұл туралы елордадағы баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылы инфляция біртіндеп 7,5-9,5 пайызға дейін баяулайды. Бұл ретте 2022 жылғы жоғары база есебінен шығу тұрғысында, екінші жағынан базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешім мен сыртқы инфляциялық қысымның біртіндеп төмендеуі және іске асырылуы жоспарланып отырған контрциклдік бюджеттік қағида аясында мүмкін болады», - деді Ғ. Пірматов.

Оның айтуынша, 2024 жылы сыртқы, сол сияқты ішкі жаңа өзгерістер болмаған жағдайда, инфляция таргеттелетін дәлізден әлі де тыс болады. Бұл ретте оның жоғарғы шегіне қарай баяулайтыны болжанып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлемені 14 пайыз деңгейінде сақтауға қатысты пікір білдірді.

Жылдық мәнде инфляция мамырда 14 пайызға жетті.

Сонымен қатар Ғ. Пірматов осы жылдың қорытындысы бойынша инфляцияны 13-15 пайыз деңгейінде болуы мүмкін екенін айтты.



Соңғы жаңалықтар