Ғалымжан Пірматов 2022 жылы алтын-валюта есебінен жүргізілген интервенция көлемін атады

None
Фото из открытых источников
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов 2022 жылы алтын-валюта есебінен жүргізілген интервенция көлемін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Естеріңізде болса, өткен жылдың бірінші тоқсанында, ақпан айының соңы мен наурыздың ортасына дейін валюта нарығында ең үлкен құбылмалылық болды. Өткен жылы Ұлттық банктің алтын-валюта есебінен жүргізген итервенциясының көлемі – 1,4 млрд доллар. Наурыз айының соңынан бастап валюта нарығында интервенция жасаған жоқпыз. Валюта нарығы нарық қатысушыларының сұранысы мен ұсынысы негізінде теңгерімді болды. Егер қажет болса, Ұлттық банкте интервенция жүргізу, валюта нарығындағы қысқа мерзімді құбылмалылықты бақылау үшін жеткілікті қор бар», - деді Ғалымжан Пірматов БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде тілшілердің сауалына орай.

Ашық көздерден алынған фото



Соңғы жаңалықтар