Ғалымұрат Жүкел Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ғалымұрат Жүкел Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресми ақпаратты Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айдар Қарбозов растады.

Естеріңізге сала кетейік, Ғалымұрат Жүкел 2017-2020 жылдың шілде айына дейін Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарды. Бірақ ол жаз айында өз еркімен жұмыстан кеткен болатын.

Ғалымурат Жукел 1987 жылы 4 желтоқанда Монғолия халық республикасының астанасы Ұланбатыр қаласында дүниеге келген. Үйленген. Екі баланың әкесі.

Сонымен бірге ол әр жылдары «Талдықорған», «Жетісу» газеттерінде тілші, 2014 жылы Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған.


Соңғы жаңалықтар