Ғалымдардың орташа жалақысы 152 мың теңгеден 257 мыңға дейін өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылдан бастап 5 мыңнан астам ғалым лайықты әрі тұрақты жалақы алады. Бұған дейін заңнама ғалымдарға тұрақты айлық төлеуге мүмкіндік бермеген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева орталық комумникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет айтты.

«Президент былтыр тиісті тапсырма беріп, тез арада заңға өзгеріс енгізу керек дегеннен кейін 2,5 айда тиісті заң жобасын дайындап, Мемлекет басшысы 15 қарашада тиісті құжатқа қол қойды. Нәтижесінде 1 200 ғалым биылдан бастап ай сайын, конкурстан тыс, тұрақты айлық алатын болады. Ол 74 ғылыми ұйым 10 мемлекеттік органға тиесілі. Сонымен қатар іргелі зерттеулермен айналысатын интитуттардың 100 пайыз штаттық құрылымы жалақысын да алады, ғылыми жұмысқа қажетті қаржыландыруды да алады, сатып алатын қондырғыларға да қаражат бөлінген. Бұл кемінде 4 мың ғалымға қатысты. Сонда қазір 5 мыңнан астам ғалым ай сайын тұрақты, мөлшері де өмірге жеткілікті жалақы алады», - деді Жанна Құрманғалиева.

Білім және ғылым министрігінің баспасөз қызметі ұсынған дерек бойынша, Қазақстанда ғалымдардың орташа жалақысы өскен.

«Бұрын 152 мың теңге болса, енді ол 257 мың теңгеге өсіп, 1,5 миллион теңгеге дейін өзгеріп отырады. Бұрын ғалымдардың жалақысы тұрақсыз болып, конкурстардың нәтижелеріне байланысты болатын. Енді қабылданған заңнамалық түзетулердің арқасында жетекші ғалымдардың (1 200 адам) жалақысы базалық қаржыландыруға қосылды. Бұл ретте ғалымдарға төленетін қосымша авторлық сыйақының жалпы сомасы 338 млн теңгеге тең. Ал инновациялық жобаларды сатудан түскен табыс 16,3 млрд теңгені құрады»,-делінген министрліктің мәліметте.

Жанна Құрманғалиеваның айтуынша, Қазақстанда 1 млн халыққа 1 172 ғалымнан келеді.


Соңғы жаңалықтар