Ғалымдар: Жүргізушілер ақыл-есінің кемдігі ауруына сирек ұшырайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар көлікті жүргізе білудің пайдасы зор деген тоқтамға келді. Колумбия университетіндегі зерттеушілердің пікірінше, көлікті басқару адамның ақыл-есінің кемдігі ауруының пайда болуына жол бермейді.

Бұл жүргізушінің көлікті басқарған кезде аса қырағы және өте мұқият болуы тиіс екендігімен байланысты. Бұдан басқа, көлік жүргізу адамды ұстамдылық, еркіндік сезіміне бөлейді.

Ғалымдардың айтуынша, көптеген зейнеткерлер көлік жүргізген кезде өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде есептейді.

Бұдан басқа, қария жүргізушілердің көлікті басқарудан бас тартуы олардың психикалық және моральдік жағдайына кері әсерін тигізеді. Көбі тіпті күйзеліске ұшырап жатады.

Ғалымдардың айтуынша, жас ерекшелігіне байланысты көлікті жүргізуден бас тартуға мәжбүр болған егде жастағы адамдарға көмектесу керек екен.

Соңғы жаңалықтар