Ғалымдар: Жер бетінде жаңа «адамзат дәуірі» басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ғалымдар Жер бетінің «адамзат дәуіріне» аяқ басқанын хабарлады. Арнайы құрылған комиссия «антропоцен дәуірінің» басталғанын қолдап дауыс берді, деп жазады Daily Mail.

«Адамдар жаңа геологиялық дәуірге аяқ басты. Бұл дәуір антропоцен деп аталады. Ғылыми комиссия сарапшылары бұл терминді жаңа дәуірдің атауы ретінде таңдады»,- деп жазады автор мақалада.

Антропоцен термині «адамзат дәуірі» деген мағына береді. Оның басы XX ғасырдың ортасы саналады және планетаға адамдардың қауіп төндіре бастағанын көрсетеді.

«Ғалымдар дәуірдің нақты қай кезде басталғанын анықтаумен айналысып жатыр және геологиялық сипаттарды анықтауға тырысуда. 1950 жылдары радиоактивті заттар саны артып, әлемде геологиялық мәліметтерге бомбалар сынағы кері әсер ете бастаған. Сонымен қатар, антропонет басы ретінде құс шаруашылығы мен қазба отындарын жағудың артуы саналуы мүмкін», деп жазады автор.

Оның жазуына қарағанда, бұл істі Лестер университетінің профессоры Ян Заласевич басқарған. Ал антропоцен термині 2016 жылы Кейптаунда өткен Халықаралық геологиялық конгресте таңдалған болатын.

«Профессор Заласевичтің айтуынша, антропоцен проблемалары қатарында микропластик, адам жасаған синтетика, атмосферадағы CO2 артуы бар. Сонымен қатар қызықты теориялар қатарында антропоцен белгісі ретінде тауықтар санының артуы қарастырылған. Адамдар жылына 65 млрд тауық жейді. Бұл да геологиялық дәуір белгісі саналады», деп жазады автор.

Оның айтуынша, антропоцен терминін ең алғаш 2002 Нобель премиясының лауреаты Пол Крутцен ұсынған.

Соңғы жаңалықтар