Ғалымдар жапондардың ұзақ өмір сүруінің құпиясын ашты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дәстүрлі жапон матча шайы дененің қартаюын бәсеңдетіп, бірқатар аурулардың дамуына жол бермейді. Бұл туралы 26 қазанда Express басылымы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мақала авторлары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасай отырып, Жапония халқының диетаны сақтауына және ерекше сусын ішетін әдеттеріне байланысты өмір сүру ұзақтығы ең жоғары екенін атап өткен. Ал, олардың сүйікті сусыны – матча шайы.

Бұл басқа шайлардан ерекше. Матча шайы – ашық-жасыл түсті ұнтақ. Сусынның құрамында A, B, C, E дәрумендері, сонымен қатар ұзақ өмір сүруге ықпал ететін тағамдық талшықтар, мырыш, калий, кальций, натрий және темір бар.

Бұдан бөлек ғалымдар дәстүрлі сусын холестерин мен қанның құрамындағы қант деңгейін түсіретінін, иммундық жүйені нығайтатынын, қатерлі ісіктің, диабет пен семіздіктің даму қаупін болдырмайтынын анықтады.


Соңғы жаңалықтар