Ғалымдар XIX ғасырдағы фотосуреттердің көмегімен ежелгі Күлтөбе қалашығын қалпына келтіруде

None
None
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Түркістандағы ежелгі Күлтөбе қалашығы архив фотосуреттері арқылы қалпына келтіріліп жатыр.

«Түркістан альбомы – фотосуреттер мен архитектуралық жоспарлардан, акварельді суреттер мен карталардан тұратын аймақ туралы көрнекі материалдардың бірегей жиынтығы. XIX ғасырдың екінші жартысында жасалған осы альбомның көмегімен ежелгі Түркістан қаласының сәулеттік құрылымын көзбен көруге болады. Мұнда Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңында орналасқан құрылымдар фотосуретке түскен. Дәл ежелгі Күлтөбе қалашығының сол тұсында қазба жұмыстарын жүргізудеміз. Айтпақшы цифрландырылған Түркістан альбомы аса сапалы күйде АҚШ Конгресі Кітапханасының ресми сайтында жарияланған», - дейді жобаның ғылыми жетекшісі, PhD докторы Андрей Хазбулатов.

Жобаның ғылыми жетекшісі, PhD докторы Андрей Хазбулатов пен археолог Руслан Шербаев Күлтөбе қалашығының І нысанында Археологиялық зерттеу барысында.

Күлтөбе қалашығының учаскелерінің бірінен Түркістан альбомының фотосуреттеріне ұқсас құрылымдардың қалдықтары табылды. Мәселен XVIII – XIX ғасырдың басындағы ауқатты қала тұрғынының үйі – І нысандағы архивті фотосуреттерге ұқсайды. Ал ІІ нысандағы қоғамдық құрылым XVIII-XIX ғасырлардағы ежелгі мінәжаттық құрылыс болуы мүмкін.


1871-1872 жылғы Түркістан альбомының фотосуреті. Алынған жері: АҚШ Конгресінің Кітапханасы


1871-1872 жылғы Түркістан альбомының фотосуреті. Алынған жері: АҚШ Конгресінің Кітапханасы

Жекелеген нысандардың егжей-тегжейлі үшөлшемді үлгілерін, тіпті жергілікті жерлердің толыққанды учаскесін құруға мүмкіндік беретін фотограмметриялық амалдың көмегімен Күлтөбе қалашығының кейбір археологиялық нысанын ұқсата жасадық. Архивті фотосуреттерден шынында да зерттелген нысандардың қандай болғанын көріп отырсыздар. Ал басқа фотосуреттерде (біздің қолдағы) нысандардың қазіргі түрі, яғни ортофожоспарлар таныстырылған», - деп түсіндірді археолог Руслан Щербаев.


Нысанның І ортофотожоспары


Нысанның ІІ ортофотожоспары

Бұл амал қазір өте тиімді әрі ол әлемдік археология саласында кең ауқымда қолданысқа енгізілуде. Сонымен қатар бұл амал нысандарды қайта жөндеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, ыдыстар мен өзге де бөліктерді «бір кесекке» біріктіруге жол ашады. Осындай компьютерлік «манипуляциялардың» нәтижесінде құрылымның толыққанды моделі жасалады. Үшөлшемді кескінін құру үшін оны электронды цифрлық форматта импорттауға да болады.

«Біздің археологтар әзірлеген амал – қазіргі амал-әдістердің синтезінен, археологиялық іздеуден, сәйкестендірілген амалдарды пайдаланудан, сонымен қатар заманның үздік компьютерлік технологияларын пайдаланудан, үшөлшемді принтерден тұрады. Біз ашық аспан астындағы «Күлтөбе қалашығы» археологиялық паркі аясында түпнұсқа ландшафтты құру мақсатына жақындап қалдық. Біз таңдап алған әдістеме археология және мәдени мұралар нысанын реставрациялау саласындағы әлемдік жоғары стандарттарға сай келеді», - дейді жобаның бас ғылыми қызметкері Жанерке Шайғозова.


Жобаның бас ғылыми қызметкері Жанерке Шайғозова

Жоба Eurasian Resources Group (ERG) қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда.


І және ІІ нысандағы археологиялық жұмыс процесі



Соңғы жаңалықтар