Ғалымдар «тірі робот» құрастырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ғалымдар тірі клеткалардан алғашқы «тірі роботтарды» құрастырды, деп жазады ҚазАқпарат The Independent басылымына сілтеме жасап.


Басылымның хабарлауынша, ғалымдар бақа эмбрионының клеткаларын алған және оны жұмысын бағдарламалауға болатын машинаға айналдырған.

«Адамзат алғаш рет толығымен биологиялық машинаны құрастырды», -дейді ғалымдар. Олар бұл технологияны пациенттің ағзасына дәрі кіргізу үшін немесe мұхитты тазалау үшін қолдануға болатынын айтты.

«Жаңа тірі машиналар дәстүрлі роботтарға ұқсамайды, тірі жануарларға да қатысы жоқ. Бұл жаңа артефакт: тірі, бағдарламалауға болатын ағза»,- дейді Вермонт университетінің сарапшысы, жаңа зерттеудің авторларының бірі Джошуа Бонгар.

Жаңа робот туралы материал Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды.


Соңғы жаңалықтар