Ғалымдар: Таңертең аш қарынға су ішу көптеген аурулардың алдын алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұзақ өмір сүруімен әйгілі жапондықтар әр күнін оянған соң аш қарынға бір стақан су ішуден бастайды. Көптеген зерттеулер аш қарынға ішілген су ағзадағы метаболизм процестерін іске қосып, ағзаны нығайтып қана қоймай, көптеген созылмалы ауруларды емдеуге көмектесетінін растады, деп хабарлайды Golbis.

Адам ағзасының 65 пайызы судан тұрады. Ғалымдар аш қарынға ішілген қос стақан судың өзі ағзамызға оң әсерін тигізе алатынын айтады.

Алайда зерттеулерге сәйкес, жалпы адам денсаулығын жақсарту әсерінен басқа, судың ағзаға тигізетін емдік қасиеттері де бар. Аш қарынға ішілген су бас ауруы, дененің ауыруы, тахикардия, эпилепсия, қандағы холестерин деңгейінің көтерілуі, бронхит, демікпе, туберкулез, менингит, бүйрек пен несеп шығару жолдарының аурулары, гастрит, диарея, геморрой, диабет, іш қату, көз ауруларын емдеуге көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар