Ғалымдар шылымның өкпе ісігін қалай қоздыратынын анықтады
2017 жылғы 12 қыркүйек 12:57

Ғалымдар шылымның өкпе ісігін қалай қоздыратынын анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық ғалымдар темекі шегудің өкпе ісігін қалай дамытатынын түсіндірді. Зерттеу жұмысы Cancer Cell-де жарияланды, деп хабарлайды АҚШ-тың Джонс Хопкинс университеті.

Сарапшылардың пайымдауынша, темекі түтіні тыныс алу жолдарын қалыптастыратын жасушаларда эпигенетикалық өзгерістер тудырады. Ең соңында өкпе ісігінің пайда болуына жол ашады, деп жазады Лента.ру.

«Темекі шегу эпигенетикалық өзгерістерге негіз болады, бұл біздің болжамымыз бойынша, өкпе ісігінің қатерін арттырады. Сондықтан егер сіз темекі шекпейтін болсаңыз, аталмыш ауруға шалдығу мүмкіндігі өте аз», - деп атап өтті тең автор Стивен Байлин.

Модельдік үлгінің сараптамасы көрсеткендей, темекі түтіні өкпе жасушаларына түскеннен кейін он күн ішінде аномалдық процестер (ДНҚ-ның зақымдануы) басталады. Эпигенетикалық өзгерістерді жинақтау 10-15 айдан кейін күрделі болады (20-30 жыл бойы темекі шегумен тепе-тең).

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT