Ғалымдар Ресейде коронавирустың жаңа түрін анықтады
2022 жылғы 12 тамыз 15:15

Ғалымдар Ресейде коронавирустың жаңа түрін анықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ғалымдар Ресейде коронавирустың жаңа түрін анықтады. Ол «омикрон» және «дельта» штамдарынан тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Америкалық генетик ғалым атап өткендей, «орыс дельтакроны» деген ресми емес атауға ие болған жаңа штамның қауіптілігін анықтау керек.

Маманның айтуынша, «дельтаның» толығымен дерлік жойылып кетуіне байланысты «омикрон» және «дельта» геномдарының фрагменттері бар гибридті вирустар сирек кездеседі.

«Дәл осындай ерекше вирустар Санкт-Петербургте геномдық деректердің соңғы жүктемелерінен табылды, - деп атап өтті ғалым.

Олардың алғашқысы шілде айының басында базаларда пайда болды және оған аздап сенімсіздік болды. Бірақ шілде айының соңында Смородинцев атындағы Тұмау институтының зерттеушілері осындай геномдарды одан да көп тапты. Олар барлығын қайта тексеріп, сенімді қорытындыға келді: бұл қате емес, шынымен гибридті вирус.

Вирус Ресейде пайда болды деп болжам бар, өйткені басқа елдерде ковидтің бұл нұсқасы әлі анықталған жоқ.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT