Ғалымдар Охот теңізінің биологиялық қорының құнын есептеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тынық мұхиты ғылыми-зерттеу балық шаруашылығы орталығының (ТИНРО-Орталық) ғалымдары алғаш рет Охот теңізіндегі биологиялық қордың құнын шамамен 59 млрд. долларға бағалады. Бұл мұнда ауланатын балықтың құнынан екі есе артық, деп жазады РИА Новости.

Ғалымдардың айтуынша, теңізден балық аулап қана қоймай, оның экожүйесін де бағалап отыру қажет. Мысалы, атмосфера құрамының қадағалануы, қалдықтардың ассимилияциялануы, биологиялық бақылаудың іске асырылуы - қадғалануы тиіс маңызды жұмыстар. Сондықтан, Охот теңізінің экожүйесінің құнын есептеу енгізілген. Бұл - жаһандық проблема, теңіздің экожүйесіне нарықта баға әзірге орнатылған жоқ. Бірақ, алдын ала есеп бойынша, Охот теңізі экожүйесінің жалпы әлеуеті кем дегенде 630 млрд 150 млн доллар.

Соңғы жаңалықтар