Ғалымдар: Музыка дыбысын қатты қою жасөспірімдердің есту қабілетін нашарлатады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көптеген жасөспірімдер сауық кештерінде, клубтарда немесе аудиоқұрылғыларында музыканы дыбысын қатты шығарып тыңдайды. Орташа есеппен алғанда жас азаматтардың 28 пайызы құлақтағы үнемі зыңыл мен шуылдаудан (тиннитус) зардап шегеді. Бұл туралы 11 мен 17 жас аралығындағы 170 еріктінің есту қабілетін тексерген британдық ғалымдар хабарлады.

Әдетте құлағының шуылдауына жасы 50-ден асқан адамдар шағымданып отырады. Ал мұндай симптомдары бар жасөспірімдердің қатты дыбыстарға төзімділігі төмендетілген. Бұл дыбыстарды өңдеуге қатысатын нервтердің зақымдануының белгісі болып табылады. Есту нервтері зақымдалғанда, қарапайым дыбыстар қатты естілетіндей болады.

Бұл ретте, осындай зақымдану есту қабілетінің жағдайын көрсететін аудиограммада байқалмайды. Осындай адамдардың есту қабілеті жасы ұлғайған сайын нашарлайды. Өкінішке қарай, бүлінген нервтер қалпына келтірілмейді. Сондықтан оның алдын алу керек, деп жазады шетелдік БАҚ.  

Соңғы жаңалықтар