Ғалымдар қозғалатын жасанды мойын омыртқасын 3D арқылы басып шығарды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

***

Шыңғыс Айтматов еске алынды- TRT

Әлемге әйгілі қырғыз жазушы Шыңғыс Айтматов қайтыс болуына 10 жыл толуына орай Қырғызстанның астанасы Бішкекте еске алынды. Бұл туралы Түркия Теле-радио порталы хабарлады.
null 

Еске алу рәсіміне Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедқали Абылғазиев, премьер-министрдің орынбасарлары, жазушының туғандары мен оқырмандары қатысты. Олар Ата Бейіт мемориалдық кешеніндегі жазушының қабіріне гүл шоқтарын қойып, Құран Кәрім оқыды.

«Шыңғыс Айтматов өзінің әлемді тамсандырған үздік, баға жетпес туындылары арқылы тек қырғыз халқының ғана емес, бүкіл түркі халықтарының әдебиетін биік белеске көтере білді»,- дейді Қырғызстан Жазушылар одағы төрағасы Ақбар Рысқулов.

***

Қытайда қозғалатын жасанды мойын омыртқасын 3D арқылы басып шығарды - «Жэньминь жибао» (People Daily)

Қытайлық мамандар 3D техникасы арқылы қозғалатын жасанды мойын омыртқасын басып шығарды. Бұл туралы «Жэньминь жибао» басылымы жазады.

Ши -ан қатынас университетіндегі Хы Шыжиң профессор бастаған зерттеу ұжымы «бел омыртқа мен жұлын ақ затының функциясын 3D техникасы бойынша қайта қалпына келтіруді клиникада қолдану» атты жобаны сәтті орындады.  

Атап айтқанда, металл арқылы 3D техникасы бойынша басып шығарумен ұштастыра отырып, қозғала алатын жасанды мойын омыртқасы шығарды. Бұл, мойын омыртқасына ота жасалғаннан кейін қозғалысқа ыңғайлы.

Дереккөздің мәліметінше, титанды бұғау мен титанды тақтаны орнықтыру отасы бүгінгі таңда дүние жүзінде клиникада кеңінен пайдаланылатын операциялық әдіс. Ал, бұл жаңа қолданысқа енгізілген титанды доғашық бұғауды 3D техникасы бойынша басып шығару әдісі дәстүрлі титанды бұғауға қарағанда ыңғайлы, мойын бұғанасына дәл үйлесетін анатомиялық ерекшелігі де бар. Сонымен бірге, титанды бұғау мен омыртқаның жанасу аумағын арттырып, ұзақ уақытқа орнықты болады.


null 

***

Мен Қазақстан тәжірибесін үнемі назарда ұстап отырамын - Монғолия Президенті

Монғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті, деп хабарлайды Моңғолияның KAZNEWS ақпараттық порталы.

Ең әуелі Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы келе жатқан туған күнімен құттықтады. Сонымен қатар ол, Елбасыға Қазақстан тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыратынын жеткізді.

«Мен Сіздің жұмысыңызды мұқият бақылап отырамын және жаңа елорда - Астана қаласын салғаныңызды білемін. Мен Монғолияның құрылыс министрі болған кезде де Қазақстан тәжірибесін зерттегенмін. Бізде астанамыз Улаанбаатардың төңірегінде Майдар қаласын салу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», - дейді Монғолия Президенті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Халтмаагийн Баттулганы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Қазақстан тарапының барлық бағыт бойынша ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін айтты.

«Биыл Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы достық қарым-қатынастар және ынтымақтастық жөніндегі шартқа қол қойылғанына 25 жыл толады. Бұл құжат көп ғасырлық достық және тату көршілік дәстүрі бар елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дәйекті дамыту жолында маңызды рөл атқарады», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.
null 

 

Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген « Сазгер» фильмі екі елде бір уақытта таратылады-  - «Жэньминь жибао» (People Daily)

Қазақстан мен Қытай тұңғыш рет бірлесіп түсірген « Сазгер» фильмі жыл соңына қарай екі елде бір мезгілде көрермендерге жол тартпақ. Бұл туралы Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қытайлық БАҚ-қа берген сұхбатында мәлімдеген.

Фильмге қос композитор Бақытжан Байқадамов пен Си Синхайдың достығы арқау етіп алынғаны белгілі. Яғни, өмірде болған оқиғаның ізімен түсірілген. Си Синхай - Қытай Халық Республикасының Халық композиторы атағына ие болған, қысқа ғұмырында 300-ден аса шығарма тудырған дара талант иесі. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде саяси қуғын-сүргін көрген ол өмірінің соңғы жылдарын Қазақстанда өткізген. Қазақтың көрнекті композиторы Бақытжан Байқадамовпен дос болған.

 « Сазгер» фильмінің көрермендерге жол тартуы Қазақстан мен Қытайдың мәдени қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтермек. Шығарма да жұртшылыққа сонау қиын-қыстау кездердегі, адамдар ортасындағы достық пен сенімділік мемлекет шекарасымен шектеліп қалмастан, бір-біріне көмек қолын созып қиыншылықтан бірге өткенін баяндалады», - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сонымен бірге министр  аталған туындының тағы бір ерекшелігі Бақытжан Байқадамов пен Си Синхайдың достығы арқылы, сол замандағы қарапайым халықтың бір-біріне деген ыстық ықласын, шынайы бет-бейнесін көруге болатындығын атап өткен.  


null 
***

Тұлпарлар мекен Моңғұлкүреде ат спорты қарқынды дамып келеді- Тянь-Шань порталы

Шынжаңның Іле облысына қарасты Моңғұлкүре ауданында ат спорты қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды Тянь-Шань ақпараттық порталы.

Ежелден Тұлпарлар мекені аталған бұл жерде 100 мыңнан астам жылқы түлігі бар.

«Ат спорты - Моңғұлкүре ауданының өңірлік туризм саласын дамытуда ерекше рөл атқарып келеді. Жыл басынан бері ауданда 80 нен астам жоғары деңгейдегі ат бәйгесі өткізіліп, ел іші-сыртынан келген туристердің ыстық ықласына бөленді», деп жазады дереккөз. 

null nullnullnull

Соңғы жаңалықтар