Ғалымдар кеш тамақтанудың қауіпті екенін анықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеш тамақтану адамның биологиялық ырғағының бұзылуы салдарынан жүрек-қан тамырлары ауруы мен диабетке әкеліп соқтыруы мүмкін. Америка кардиологиялық қауымдастығының ғалымдары осындай тұжырым жасаған. Сәйкес зерттеу LiveScience порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Эксперимент 18-76 жас аралығындағы 12,7 мың латынамерикалыққа жүргізілген медициналық тексеру нәтижесіне негізделген. Оның барысында дәрігерлер екі күн бойы олардың денсаулығы мен тамақтану уақытын салыстырған.

Зерттеушілер экспериментке қатысып жатқандардың басым бөлігінің 18.00-ден кейін тамақтанатындығын анықтаған. Соның салдарынан оларда қант деңгейі және қандағы инсулин  жоғары болған.

Кеш тамақтануды ұнататындардың 19% диабеталды және 23% гипертония дамуына бейім.

Зерттеудің авторы, постдокторант Нур Макаремнің пікірінше, бұл салауатты емес өмір салты салдарынан адамның биологиялық ырғағының бұзылуымен түсіндіріледі. Соның салдарынан зат алмасу бұзылып, созылмалы аурулар қаупі жоғарылайды. 

Соңғы жаңалықтар