Ғалымдар қандай адамдардың жол апатына жиі ұшырайтынын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай ғылым академиясындағы Психология институтының ғалымдары пессимист адамдардың көлікті жүргізген кезде жол апаттарына оптимисттерге қарағанда жиі ұшырап жататыны туралы қызықты жаңалық ашты.

Тәжірибеге көлік жүргізу құқығын үш жылдан астам уақыт бұрын алған 38 жүргізуші қатысты.

Жүргізушілер көлікті жүргізу кезінде алған айыппұл балдарының саны бойынша екі топқа бөлінді. Қытайда әрбір жүргізушіге жыл басында 12 балл есептеліп, кейіннен ережені әрбір бұзғаны үшін алынады.

Бірінші топта зерттеу кезінде алты және одан да көп балдан айырылған жүргізушілер, ал екіншісінде - үш және одан да аз балдан айырылған жүргізушілер болды.

«Қауіпсіз» және «қауіпті» жүргізушілерді бірнеше сұраққа жауап беруін сұрады. Сұрақтардың арасында қауіпсіздік белбеуін үнемі тағып жүретіндігі және бағдаршамның қызыл шамынан қаншалықты жиі өтіп кететіндігі, т.б. болды.

Одан кейін тәжірибенің барлық қатысушыларына түрлі фотосуреттерді көрсетіп, олардың түсін тез атауды сұрады.

Нәтижесінде, «қауіпті» саналатын жүргізушілерден суерттердің түсін анықтау кезінде баяу реакция байқалған.

Осылайша, мамандардың айтуынша, пессимист адамдар жол апатына себеп болуы мүмкін жайттарға баяу көңіл бөледі, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар