Ғалымдар Ескендір Зұлқарнайын өлімінің құпиясын ашты

None
None
АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - Ғалымдар Ескендір Зұлқарнайынның өлімінің құпиясын ашты, деп хабарлайды YTPO.ru. Ұлы қолбасшы әрі патша Ескендір Зұлқарнайын өзен суымен уландырылды. Американдық ғалымдар ежелгі дәуірдің даңқты қаһарманы Ескендір Зұлқарнайынның өлімінің кезекті бір осындай болжамын жасап отыр. Олардың пікірінше, ол өзен суымен уландырылған.

Еске сала кетейік, Зұлқарнайын біздің жыл санауымызға дейінгі 323 жылдың маусым айында 33 жасында қайтыс болды. Ғасырлар бойы оның сүзек немесе безгек ауруынан қайтты деген пікір қалыптасты. Дегенмен, ол уландырылған деген болжамдар болды, бірақ оның қалай, немен уланғаны туралы мәлімет болмады. Американдық зерттеушілердің пікірінше, қолбасшыны Стикс өзенінен алынған сумен улаған. Бұрындары Стикс өзені тамұқтан бастау алып отыр деген наным-сенім болған. Бұл өзен қазіргі күні де бар. Ол гректің Пелопоннес түбегінің тауларында ағып, Мавронери немесе «Қара су» деген атауға ие. Мамандар осы өзеннің суына зерттеу жүргізгенде, оны суының құрамында аса қауіпті улы бактерияның барлығын, ол бактерияның калихеамицин деп аталатын улы затты шығаратынын анықтады. Дегенмен, олардың Ескендір Зұлқарнайынның нақты осы өзен суымен уланғаны туралы болжамының неден шығып отырғаны хабарланбайды.

Соңғы жаңалықтар