Ғалымдар егде жастағы адамдардың денсаулығын қалай жақсартуға болатынын анықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Калифорния университетінің зерттеушілері қосымша табыс дамып жатқан елдерде тұратын егде жастағы кедей адамдардың денсаулығы мен материалдық жағдайын айтарлықтай жақсарта алатынын жолды анықтады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Зерттеуге Мексикадағы Юкатан жартылай аралындағы екі қаланың жасы 70-тен асқан 2474 тұрғыны қатысты, деп баяндайды Prothom Alo.

Мотуль қаласының тұрғындары қосымша табыс алмады, ал Вальядолидте тұратын адамдарға айына шамамен 67 доллар ақша төленген. Бұл қатысушылардың орташа табыс деңгейін шамамен 44 пайызға көбейткен. Тұрмысы нашар адамдар алған ақшаны дәрігерге көрінуге, дәрі-дәрмек және азық-түлікті сатып алуға жұмсаған.

Алты айдан кейін Вальядолидтегі еріктілердің уақытша және ұзақмерзімдік жады, сондай-ақ тыныс алу жүйесінің жағдайы айтарлықтай жақсара түсті. Қосымша табыстың арқасында қатысушылар дәрігерге барып, қажетті дәрілерін сатып алды. Осылайша, шағын материалдық көмек қарт адамдардың денсаулығы үшін өте пайдалы екені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар