Ғалымдар болжамы: 2040 жылғы жазға қарай Арктика мұздардан арылуы ықтимал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Мұзды мұхит 2040 жылға қарай жазғы кезеңде мұз қабатынан толық босауы мүмкін. Вашингтонның «Дейли коллер» желілік басылымының хабарлауынша, бұл болжамды АҚШ-тың мұхит және атмосфераны зерттеу бойынша Ұлттық басқармасының мамандары жасаған.

Олардың ақпаратынша, өткен қыста Арктикада спутниктер арқылы бақылау жасалған барлық жылдармен салыстырғанда мұз аз болған.

«Таяудағы бірнеше зерттеулерге» сілтеме жасаған басылым 6-7 мың жыл бұрын ғаламшардың қиыр солтүстігінде кей кезеңдерде мұздардан арылған жағдайлар орын алғандығын жазады.

Соңғы жаңалықтар