Ғалымдар: Балық пен теңіз өнімдерін тамаққа пайдалану өмірді ұзартады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еттің орнына балық пен теңіз өнімдерін жегенді ұнататын адамдар қартайған шақта жүрек талмалары мен басқа да ауыр дерттерге басқалардан гөрі 30 пайыз сирек шалдығады.

Бұдан басқа, олар орташа есеппен алғанда 2,2 жыл ұзақ өмір сүреді. Гарвард университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келіп отыр.

Зерттеу аясында бір топ мамандар 65 жас және одан ересек американдықтардың жүрек және қан тамырларына байланысты денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді жинап, талдаған. Бұл үшін 16 жыл уақыт қажет болды. Жоба барысында еріктілердің қан қысымы өлшеніп, қандары талдауға алынды. Онымен бір уақытта кейбір штаттардың әлеуметтік және медициналық қызметтері жүрек ауруларының оқиғалары мен өлімге апарған себептерді тіркеп отырды.

Ғалымдар барлық егде жастағы американдықтарды шартты түрде екі топқа - «қарапайым американдықтар» және қан құрамында омега-3 май қышқылдарының жоғары деңгейі бар «балық жеуді жақсы көретіндер» деп бөлген. Олардың аурулары мен өмір ұзақтығының статистикасы «балық жеуді жақсы көретіндердің» жүрек-қан тамыры ауруларына 30 пайызға сирек шалдыққанын көрсетті. Бұдан басқа, олардың инсульт, жүрек талмасы және қан тамырларының кемістігі сирек тіркелген, деп хабарлайды Medikforum.

«Бұл ретте, балықты үнемі тамаққа пайдалану салауатты емдәмнің бір бөлігі ретінде танылған. Егде жастағы адамдар қанының құрамындағы балық майы мен өлім арасындағы байланысты ешкім де іздеуге тырысқан жоқ. Біздің зерттеуіміздің қорытындысы май қышқылдарының жүрек-қантамыр жүйесінің саулығы үшін өте маңызды екенін және бұл пайданың қартайған жасқа тағы бірнеше жыл қосатынын растады», - дейді ғылыми жұмыстың қорытындылары туралы мәлімдеген оның авторлары.

Соңғы жаңалықтар