Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 17 °С
Алматы: 18 °С
USD 345.55 EUR 401.01
RUB 5.45 CNY 50.98
Жаңалықтар

Ғалымдар автобуста егде жастағы адамдарға орын бермеуге кеңес берді

2017 жылғы 22 қазан 08:28 1512
Бөлісіңіз:
Ғалымдар автобуста егде жастағы адамдарға орын бермеуге кеңес берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританиялық ғалымдар тобы ел естімеген ерекше зерттеу мақаласын жариялады. Олар бұл еңбектерінде қоғамдық көліктерде егде жастағы адамдарға орын бермеуге кеңес берген, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтемемен massaget.kz.

British Medical Journal журналында жарияланған мақалада ғалымдар қарт адамдардың физикалық белсенділігі мен әлеуметтік қамтамасыз етілуінің байланысы жайлы жазған. 

Хирург-ортопед Скартелтт МакНелли мен оның әріптестері қартаюдың басты себебі физикалық белсенділіктің аздығы деп санайды. Үнемі жаттығу жасау арқылы қартаюдың алдын алып, ширақ жүруге жол ашуға болады дейді. 

«Біз қартайған шақта демалуға кеңес бермей, белсенділікті арттыруымыз қажет. Автобуста немесе пойызда кетіп бара жатқанда қарт адамға орын беруден бұрын жақсылап ойланып алыңыз. Олар үшін тұрып тұру - жақсы жаттығу», - дейді профессор Муир Грэй. 

«Көптеген ауру адамның жасына емес, белсенділігінің азаюына байланысты. Көбірек жаттықсақ - сол тиімді іс болады», - дейді Скартелтт МакНелли.

Оның айтуынша, стационарда емделіп жатқан адамдардың өзі серуендеп қайтуға немесе дәлізде жүруге уақыт табуы керек. Скартелтт МакНелли мен оның әріптестері қоғамның егде жастағы адамдарға көбірек белсенді өмір сүруі үшін мүмкіндік жасауы керектігін айтады. 

Иә, ғалымдардың жасаған тұжырымы дұрыс-ақ болар. Бірақ үлкенін сыйлаған, қазыналы қариясын қадірлеген қазақ халқы үшін бұл бір әбес қылық екені жасырын емес.

 

 

 


Басты сөздер: Мәдениет, Қоғам,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
Мұрағат