+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Ғалымдар: ашығу арқылы диабетпен күресуге болады

2017 жылғы 25 ақпан 06:22
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ашығу диетасы ұйқы безі жасушаларын қалпына келтіруге мүмкіндік береді, деп сендіруде америкалық ғалымдар.

Майдың жоғары мөлшері сақталған, көмірсулары мен ақуыздары аз, төмен калориялық диета адам ағзасын «қайта іске қосып», ұйқы безі жасушаларының регенерация механизмін күшейтеді.

Дәрігерлердің пікірінше, осындай жаңалық диабетпен күресуге мүмкіндік береді.

Cell журналына жарияланған Оңтүстік Калифорния университеті ғалымдарының зерттеулері тышқандарға тәжірибе жүргізілгеннен кейін ұсынылды. Тышқандарды бірнеше уақыт бойы аштықта ұстаған, кейіннен қалыпты диетаға отырғызған.

Аталмыш тәжірибе адамдарға да жасалып көрген. Зерттеуге қатысушылар бес күн бойы майдың жоғары мөлшері сақталған көмірсулары мен ақуыздары аз тағамдарды пайдаланған. Кейіннен 25 күн бойы кез келген тағамды тұтынуға рұқсат берілген.

Ғалымдар байқағандай, ашығу кезеңінде тышқандардың ұйқы безінің жасушаларындағы регенерация механизмі күшейген. Осындай үдеріс тін жасушаларында да байқалған. Дәрігерлер осылайша адам ағзасының жұмысын ішінара қалпына келтіруге мүмкіндік беретінін біраз уақыттан бері түсіндіріп келеді.

Алайда, бұл механизмнің қалай жүзеге асырылатыны беймәлім еді және оны ашығумен байланыстыру миға қонымсыз болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT