Ғалымдар: Алматының мәдени жасы 1000 жылдан кем емес

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда отандық және шетелдік тарихшы ғалымдар «Алматының мәдени жасы - 1000 жыл» атты дөңгелек үстел барысында оңтүстік астананың мәдени жасын анықтауға тырысты.

«Жүргізілген археологиялық материалдар мен қазба жұмыстарының нәтижесінде нумизматикалық коллекцияларды, этнографиялық мұраларды, ежелгі жазба туралы материалдарды зерттей келе Алматының мәдени жасы 1000 жылдан кем емес деген қорытындыға келіп отырмыз», - деді тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Карл Байпақов. Тарихшының мәлімдеуінше, мұндай мәлімдемеге XIII ғасырдың жәдігері саналатын монетадағы жазу негіз бола алады. Онда Алматыда жасалған деп жазылғандығын нумизмат арабист Владимир Настич оқыған. Бұл дерек Алматының жасын белгілеуге ұтымды негіз бола алады, дейді мамандар. «X-XI ғасырлардағы мұсылман ренессансы Таяу Шығыс аймағына, соның ішінде астанасы Алматы болған Жетісу аймағына да елеулі әсер етті. Бұл кезде қала мәдениетінің гүлденуі орын алды», - деді ол. Зерттеуші ғалымдар Алматының мәдени жасын ресми бекіту үшін ЮНЕСКО-ға құжаттар жібермекші.

Соңғы жаңалықтар