Ғалымдар, ақын-жазушылар мен журналистер репрессияға не үшін ұшырады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қазақстанда репрессияға ұшыраған ғалымдарды, ақын-жазушыларды, журналистер мен қоғам қайраткерлерін ақтап алуға қатысты жұмыс жалғасып жатыр. Бұл мәселе республикалық семинарда талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазір ғалымдардың, жазушылар мен суретшілердің, режиссерлердің өмір жолы мен еңбегін бағамдап жатырмыз. Олардың шығармалары мен ғылыми зерттеулеріндегі ұлттық көзқарас, қазақ халқының құқығы мен бодандықтан босап шығуға, тәуелсіздікке үндеуі, Республика территориясының бүтіндігін сақтауға шақырғаны қаралады. Осы үшін де олар түрлі қуғын-сүргінге ұшыраған», - деді республикалық семинардың модераторы, қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі республикалық комиссия мүшесі, Ұлттық комиссияның жобалық кеңсесінің жетекшісі Сабыр Қасымов.

Сондай-ақ ол репрессияға ұшырағандарды атады:
- ғылыми идесы үшін (экономист Әзімбай Лекеров, тарихшылар Ермұхан Бекмаханов, Бекежан Сүлейменов, Әлкей Марғұлан және т.б);

- бостандық пен ұлттық құндылықты сақтау және халықтың құқығын ашық айтып, үгіт-насихат жүргізгені үшін (ақын және журналистер Мақсұт Тайшыбаев, Иса Тоқтыбаев, Елеусіз Бұйрин және т.б);
- Голощекиннің реформасына қарсы шыққаны үшін (мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасов, Сұлтанбек Ходжанов, Жалау Мыңбаев, Ыдырыс Мұстамбаев және т.б);
- республика территориясын сақтауға үндегені үшін (Алаш қайраткерлері – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Әлімхан Ермеков, Уәлитхан Танашев, Айдархан Тұрлыбаев, Мұстафа Көкебаев, Смағұл Сәдуақасов, Жұмабек Тәшенев және т.б.).
- «қазақ ұлтшылдарымен» байланыста болған өзге ұлт өкілдері (қоғам қайраткері Тимофей Сидельников, қазақ поэзиясын тәржімалаған аудармашы әрі әдебиеттанушы Александр Жовтис, музыка зерттеушісі Александр Затаевич және т.б).


Соңғы жаңалықтар