Ғалымдар «ақылды» термометр ойлап тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар жаңа заманауи медициналық термометрді ойлап тапты. Оны олар үш жылдан астам уақыт бойы жасады.

Бірегей гаджет баланың ыстығы көтерілсе, ата-анасын бұл туралы ескертуге қабілетті. Термометрдің мәліметтері Bluetooth арқылы смартфонға жіберіледі.

Баланың денесіне білезік ретінде бекітілген құрал түнде ұялы телефон арқылы баланың дене қызуының көтерілгені туралы бірден хабарлай алады. Бұдан басқа, оның болжау қызметі де бар. Ол арқылы өлшеу уақытын азайту, кесте немесе графа түрінде алынған мәліметтерді талдап, оларды электронды почта арқылы жіберуге мүмкіндік береді.

«Ақылды» медициналық термометрді Новосібір Академпаркінің резидент компаниясы жасап шығарып, өндіріске енгізіп отыр, деп хабарлайды Planet Today.

Соңғы жаңалықтар