Ғалымдар: АИТВ (ВИЧ) маникюрға арналған құралдар арқылы жұғады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәрігерлер АИТВ (ВИЧ) індетін тиісті өңдеуден өткізілмеген маникюр құралдарын қолдану кезінде жұқтыру қаупі бар екендігін мәлімдеді. Ескертуге 22 жастағы бойжеткеннің оқиғасы себеп болды. Ол АИТВ ауруына шалдыққан туысқан қыздан маникюр құралдарын алып, қолданған соң, ауруды өзіне жұқтырып алған, деп жазады шетелдік БАҚ.

Апалы-сіңлілі маникюр жиынтықтарын соңғы бірнеше жыл бойы ортақ қолданып келген, соның салдарынан дені сау бойжеткен індетті жұқтырып алды. Талдау 22 жастағы бойжеткеннің індетті жұқтырып алғанын көрсеткеннен кейін дәрігерлер зерттеулерін жалғастырып, оған АИТВ індетінің тиісті тазалаудан өткізілмеген маникюр құралдары арқылы жұққанын дәлелдеді.

Олар індеттің жұғуы мүмкін басқа жолдарын жоққа шығарып, енді маникюр құралдары теріні шанышқылап бояп әшекейлеуге (тату) арналған, акупунктурлық және инъекциялық инелер сияқты тыйым салынған құралдар тізіміне енгізілуі тиіс екенін атап өтті. Бірақ, дәрігерлердің сендіруінше, індет лас маникюр құралдары арқылы берілсе де, індетті жұқтыру қаупі жоғары емес деп бағалайды.

Соңғы жаңалықтар