+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ғалымбек Кенжебаев: Біз Қамшыбекке сенеміз

2021 жылғы 22 шілде 20:05
Бөлісіңіз:
Ғалымбек Кенжебаев: Біз Қамшыбекке сенеміз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаевтың Токиодағы мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Токио Олимпиадасы: Эльмира Сыздықова алғашқы белдесуде жеңілді Токио Олимпиадасы: Жеңіл атлет Михаил Литвин финалға өте алмады Футболдан Қазақстан кубогы: «Қайсар» көш басына шықты

«Иә, соңғы статистика, өзбекстандық қарсыласымен болған соңғы жекпе-жектердің көрсеткіші Қамшыбектің пайдасына шешіліп тұр деп айтуға келмейді. Жалолов әлемдік рейтингіде өзін жақсы көрсетіп, соңғы жарыстардың бәрін ұтып шықты. Бірақ, Қамшыбекке сенеміз және үміттенеміз. Бұл супер ауыр салмақ. Сондықтан бәрі болуы мүмкін», - деді Ұлттық құрама тізгіншісі.

Боксшы жігіттердің бас бапкері Олипиада ойындарында әрбір кезеңдегі қарсылас басты бәсекелес екенін ескертіп, Қамшыбек әуелі қазір жолында тұрған қарсыласына қарсы дайындығын пысықтайтынын атады.

«Тағы да қайталап айтам, чем п ион болу үшін әуелі финалға дейін жету керек. Олимпиада чемпионы атану үшін әуелі алғашқы ұрыста жеңу керек. Көбінесе спортшылар өзін финалда елестетіп қателеседі. Егер бірінші айқаста жеңбесең, чемпион түгіл жүлдегер де бола алмайсың. Сондықтан әр қарсыласқа жекпе-жек сайын жоспар құрып, дайындаламыз», - деді Ғалымбек Кенжебаев.

Еске салсақ, бүгін Токио Олимпиадасында бақ сынайтын боксшылар арасында жеребе тарту рәсімі өтті.

+91 келі салмақта бақ сынайтын Қамшыбек Қоңқабаевтың алғашқы қарсыласы мысырлық Есри Рез Мұстафа болып бекітілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT