+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Ғалым Шойкин: ҚХА-ның жаңа имиджін қалыптастыру керек

2021 жылғы 5 мамыр 13:04
Бөлісіңіз:
Ғалым Шойкин: ҚХА-ның жаңа имиджін қалыптастыру керек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елімізде 950-ден астам этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Бұл туралы «Қоғамдық келісімді нығайтудағы этномәдени бірлестіктердің рөлі» республикалық семинар барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда бір тәулікте 3,5 мың адам вакцина алды Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды Алматы өзендерінде селден қорғайтын бөгет салынып жатыр

Оның айтуынша, тәуелсіздіктің отыз жылдық тарихында ел іргесін бүтіндеуге атсалысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының орны ерекше. Осы жылдары елімізде тұратын қаншама ұлт пен ұлыс татулықты тұғыр етіп, мәдениеті мен өнерін дамытуға мүмкіндік алды. Осы арқылы бүгін ұлты басқа бірақ тілегі және жүрегі бір біздің ынтымағымыз арта түсуде. Сондықтан баршамыздың мақсатымыз ел бірлігі мен татулығын сақтай отырып, жасампаздығымызды дамыту.

«Біз бір отбасының мүшелері сияқты екенімізді ұмытпауға тиіспіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблея сессиясында сөйлеген сөзінде бес принципке назар аударған болатын. Олардың қатарында қазақстандық ұлттар сеніміне негізделген партиотизмді, азаматтық теңқұқылық принципін, мемлекеттік тілдің қоғамда нығаюын дамыту сынды маңызды мәселелер бар. Осы орайда Ассамблея бұл принциптердің іс жүзінде көрініс табуына елеулі үлес қосатын институттың бірі екенін атап өткен жөн. Жұмысымызды осы принциптерді басшылыққа алып ұйымдастыруға тиіспіз», - дейді Ғалым Шойкин.

Оның айтуынша, этномәдени бірлестіктер ауқымды қоғамдық шараларға атсалысады. Соның ішінде жастармен тығыз байланысты жұмыс істейді.

Этнобірлестіктердің тағы бір маңызды жұмысы қайырымдылық пен волонтерлік шараларға белсенді қатысу. Әсіресе пандемия кезінде олар бұл іске елеулі үлес қосты. Бұл бағытттағы жұмысты жалғастыру көзделген.

«Бүгінде маңызды мәселелердің бірі Ассамблея мен этномәдени бірлестіктердің жұмысын кеңінен насихаттау, қоғамдық келісімді нығайту мақсатында атқаралып жатқан шаралар мен татулықты, ынтымақты нығайтудың, мемемлекеттік тілдің маңызын насихаттауға арналған жұмыстар ел назарында болуы тиіс. Әсіресе әлеуметтік желіде. Қазіргі күні елімізде 950-ден астам этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Отызға жуығы республикалық мәртебеге ие. Егер әрқайсысы атқарылып жатқан қыруар жұмысын көрсетсе, қоғамда ассамблеяның жаңа имиджін қалыптастыра алады», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT