Ғалым Шағатай ресейлік боксшыны жеңіп, WBC титулына ие болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ғалым Шағатай (5-0, 5КО) Ресей өкілі Пеле Садоянды (7-1-2, 3КО) жеңіп, алғашқы титулына қол жеткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жекпе-жек Мәскеуде ұйымдастырылған бокс кеші аясында өтті. Спортшылар жартылай орта салмақта жастар арасындағы WBC Asia титулын сарапқа салды. 10 раундқа есептелген айқас бесінші раундта тоқталды – Шағатайдың оппоненті одан әрі жұдырықтасудан бас тартты.

Бұл, П.Садоянның қарсыласынан алғаш рет ұтылуы. Ал, Ғ.Шағатай кәсіпқой-рингтегі қатарынан бесінші жеңісіне жетті.

Айта кетейік, қазақстандық боксшының профи-бокстағы дебюті 2019 жылдың ақпанында болды. Ал тамыз айында Мәскеуде ресейлік Александр Салтыковты нокаутқа жіберіп, бірінші орта салмақтағы ProBox нұсқасы бойынша ТМД чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар