+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Ғалым Мұтанов UNION халықаралық университеттер қауымдастығының президенті болып сайланды

2019 жылғы 23 қыркүйек 11:53
Бөлісіңіз:
Ғалым Мұтанов UNION халықаралық университеттер қауымдастығының президенті болып сайланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов «UNION» Халықаралық университеттер ассоциациясының президенті болып сайланды. Бұл туралы Қазақстанда алғаш рет Алматыда өтіп жатқан «QS Worldwide» форумының салтанатты ашылуында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«UNION» халықаралық университеттер ассоциациясы («Universities Open Network») 35 елдің 100-ден астам жетекші университет мүше ғаламдық желі. Ұйым президенті конкурстық негізде сайланады.

Барселонада (Испания) өткен ассамблеяда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов бірауыздан қауымдастықтың басшысы болып сайланды.

«Біз Ғалым Мұтановты белгілі ғалым, тиімді менеджер және жоғары білім саласындағы жаңашыл тұлға ретінде білеміз. Оның басшылығымен ҚазҰУ үлкен жетістіктерге жетіп, халықаралық деңгейдегі озық университетке айналды. Ол Ассамблеяны басқара отырып, оның қызметіне және мақсаттарына қол жеткізуде үлкен үлес қосатынына сенімдіміз», - деп атап өтті Барселона жоғары менеджмент мектебінің директоры Татьяна Компаниец, 19-20 қыркүйекте Алматыда өткен Университеттердің жаһандық форумында сертификатты табыстай отырып.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау, Алматы, ЖОО-лар,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT