Ғалым коронавирустың омикрон нұсқасының пайда болу себептерінің бірін айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Коронавирустың жаңа нұсқалары вакциналану деңгейі төмен елдерден келеді. Бұл туралы Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Профессор Алмаз Шарманның айтуынша, омикрон нұсқасының пайда болу себептерінің бірі, вакциналанбаған адамдардың ағзасында вирустың ұзақ репликациясының болуынан туындайды.

«Омикрон нұсқасы иммундық қорғанысты жеңе алады. Иммундық жауапты күшейту үшін өте маңызды тетікті – бустерлік дозамен ревакцинацияны барынша қосудың уақыты келді», - дейді Алмаз Шарман.
Медицина профессоры ревакцинацияны ұсынады, өйткені бұл бейтараптандыратын антиденелер деңгейін ынталандыратын үшінші вакцина, ол шынымен коронавирустан қорғайды. Сонымен қатар, үшінші вакцина аурудың ауыр түрлерінен қорғайды. Ол жоғалған иммундық қорғанысты қалпына келтіреді.
60 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ диабетпен, семіздікпен, гипертониямен, жүрек-тамыр, аутоиммундық және басқа аурулармен ауыратын адамдарға қайта вакцинациялау өте маңызды. Адамдардың бұл санаттары омикрон пайда болу қарсаңында бірінші кезекте вакциналауды және ревакцинацияны қажет етеді.
«Вирустың бұл нұсқасына немқұрай қарауға болмайды. Бұл инфекциялардың алдын алу үшін бәрімізге, соның ішінде балаларға да шаралар қабылдау керек», - деді профессор.
Ғалым омикрон соңғы мутацияланған вирустардың бірі тағы бір толқын тудыруы мүмкін екенін айтты.
«Бұл пандемияның соңғы кезеңі болады деп үміттенемін, бірақ коронавирус еш жерде жойылмаса да, бұл эндемикалық инфекция болады, ол мезгіл-мезгіл өзін еске салады. 2022 жылы біз білетін пандемия аяқталады деп үміттенемін», - деп қорытындылады сөзін Алмаз Шарман.

Соңғы жаңалықтар