Ғалым Қазақстан экономикасының арқауын ауыл шаруашылығы етіп алуды ұсынды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Экономика ғылымдарының докторы Әлкен Темірболатов Қазақстан экономикасының арқауын ауыл шаруашылығы етіп алуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай пікірді ол «Хабар» телеарнасындағы «Большая неделя» атты бағдарламада айтты.

«Бәріміз КСРО құрамында болғанда Қазақстандағы инженерлер мен өнеркәсіп жұмысшыларының еңбекке жарамды халықтың арасындағы үлесі 21 пайыз болған. Көрші елдердің ішіндегі ең аз үлес бізде еді. Ресейде – 83 пайыз, Тәжікстанда – 48 пайыз, Өзбекстанда 53 пайыз, Түркменстанда – 25 пайыз, Қырғызстанда – 25 пайыз болды. Яғни, бізде аграрлық қоғам болды. Сол аграрлық санамен әртарапты экономика құруға тырысып жатырмыз. Ауылда жұмыс жоқ қазір. Сондықтан елдегі ең маңызды министрлік – Ауыл шаруашылығы министрлігі болу керек. Жұмыс орындары деген сол. Бірақ бұл саланың басшылары ұрлықты қоюы керек. Қазір олар бұл істе алдына жан салмайды», - деді экономист.

Оның айтуынша тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан мемлекеттік құрылымның сәтсіз ұлгісін таңдап алған.

«Біз мемлекеттік құрылымның орыс моделін таңдап алдық Яғни халық ешқандай шешімге ықпал ете алған жоқ. Тек елдің бірінші басшысы ғана шешім шығара алады деген түсінік болды. Осылайша шешім шығаруға құзыреттілер бүкіл игіліктің иесіне айналды.

2011-2012 жылдары біз 170 млрд теңге шығындап, 60 мың жұмыс орнын ашықтық Сол кезде доллар бағамы 185 теңге болғанын ескерсек, бір жұмыс орнын құру үшін 18,5 мың доллар ақша жұмсағанбыз. Косманавт дайындасақ бір сәрі. Сол кезде-ақ ақша ұрланып жатқанын айтқанбыз», - деді ғалым.

Экономика ғылымдарының докторы бұған дейін ауыл шаруашылығында кооперацияларды дамыту бастамасы дұрыс көтерілгенімен, тәсілі тиімсіз болғанын айтады.

«Мемлекет ұсынған кооперацияны неге ауыл халқы қолдап әкетпеді? Өйткені құрылымы дұрыс емес еді. Ол кооперативтерді әкім басқарататын халық түсінді. Сонда да күшпен кіргізді. Аяғында іс орта жолда қалды. Коопераиця шаруалардың өз ниетімен іске асуы керек. Сонда ғана нәтиже болады. Кооперативтердің билігі өздерінде болуы керек. Халықаралық принциптер бойынша құрылмаса, оған ешкім сенбейд», - деді Әлкен Темірболатов.


Соңғы жаңалықтар